Қазақстандағы «Әйелдер микробизнесте» онлайн бағдарламасының қатысушысы болыңыз!

Share this page:

Сіз микробизнесіңізді өсудің келесі кезеңіне шығаруды қалайтын әйелсіз бе?

«Әйелдер микробизнесте» бағдарламасына тіркелу үшін басыңыз

Неге әйелдер?

Әйелдер кез келген нарықтық экономикада маңызды рөл атқарады және кәсіпкерліктің қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан біз «Әйелдер микробизнесте» онлайн-бағдарламамыздың көмегімен олардың кәсіби дамуын қолдап, бизнесін нығайтқымыз келеді. 

«Әйелдер микробизнесте» бағдарламасы

Бағдарлама бизнестің барлық негізін қамтитын бес модульден тұрады. Тәжірибелі бизнес-кеңесшілермен өткізілетін әрбір модуль өсіп келе жатқан компаниялар үшін тәжірибелік құралдар  береді. Мамандар қатысушылармен жеке жұмыс жасай отырып, алған білімді тәжірибеде қолдануға жәрдемдеседі. 

Сіз 5 ай ішінде 1 аптадан оқып, өз бизнесіңізді жақсарта аласыз. Бағдарлама ұзақтығы - 2021 жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейін.

Курстың бағдарламасына

1. Онлайн және оффлайн маркетинг
Сіз нысаналы аудиторияны анықтауды, «сатушы ұсыныстар» әзірлеуді, клиенттік база жинауды, жылжыту арналарын әзірлеуді үйренесіз

2. Сату көлемін арттыру құралдары
Сіз орташа чекті қалай көтеруге болатынын, алдын-ала оңай сатуды, қайта сатып алуға ынталандыруды және клиентпен онлайн жұмыс істеуді үйренесіз

3. Микробизнестегі цифрлық технологиялар
Сіз бизнесті дамытуға арналған ақпараттық технологияларды қолдануды үйренесіз: интернет-маркетинг пен процестерді автоматтандырудан бастап ақпараттық қауіпсіздікке дейін

4. Қаржы және олардың бизнестегі есебі
Сіз қаржылық есеп және жоспарлау негіздерін меңгересіз, бюджетті құруды және жүргізуді, ағымдағы және болашақ кірістер мен шығыстарға талдау жасауды үйренесіз

5. Персоналды басқару⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Сіз персоналды басқарудың практикалық құралдарын аласыз, жеке даму аймақтарын анықтайсыз, қолайлы қызметкерлер іріктеп алуды, әріптестеріңіз бен өзіңізді ынталандыруды және дамытуды үйренесіз

Нәтижесінде не аласыз

  • Өз бизнесіңізді дамытудың нақты құрылған жоспары
  • Сату көлемін ұлғайтудың қадамдық алгоритмі (онлайн / офлайн)
  • Әріптестермен тәжірибе алмасу және жаңа әлеуетті бизнес-серіктестер 

Қатысу шарттары


1. 1 ЖЫЛ
Сіздің бизнесіңіз 1 жылдам астам жұмыс істейді

2. ≤10 ҚЫЗМЕТКЕР
10 қызметкерден артық емес

3. <100 000 €
Жылдық айналым 100 000 € артық емес

Біздің бизнес - тренерлер


Айжан Дүйсебаева
Жоба менеджері, бизнес-тренер, басқару бойынша (CMC) сертификатталған кеңесші

Марат Көпбергенов
Бизнес-тренер, маркетинг және сату бойынша кеңесші, кәсіпкер

Азиз Есжанов
Бизнес-тренер, IT-технологиялар саласындағы сарапшы, кәсіпкер

Тамара Роздобудько
Бизнес-тренерлер, b2b және b2c тікелей және белсенді сату бойынша кеңесші

Надежда Жаркова
Бизнес-тренер, ШОБ үшін қаржылық жоспарлау және басқарушылық есепке алу жөніндегі кеңесші

Тимур Рахимжанов
Бизнес-тренер, ШОБ компанияларын қаржылық жоспарлау және модельдеу бойынша кеңесші

ҚАТЫСУ ТЕГІН. Орындар саны шектеулі.

Байланыс:
Тел: 8 (771) 023-00-17
E-mail: Dialog.kz@mail.ru 
https://www.instagram.com/microbusiness_women/

Share this page: