ЕҚДБ

ЕҚДБ Атырау қаласында электр энергиясының тиімді өндірісін қаржыландырады

By Svitlana  Pyrkalo
@pyrkalo

Share this page:

English Translation

Russian Translation

$5,9 млн көлеміндегі несиені жекеменшік «Sagat Energy» компаниясы қуаты 11 МВт газ электр станциясының құрылысын аяқтауға алады.

Қазақстанның «жасыл» экономикасының дамуын қолдау аясында, Банк Атырау қаласында жаңа энергетикалық тиімді газ жылу-электр станциясының құрылысын аяқтау және іске қосу жобасын қаржыландырады.  

ЕҚДБ «Sagat Energy» компаниясына $5,9 млн сәйкес несиені ұлттық валюта теңгемен бес жыл мерзімге береді. Несие құрылыс жұмыстарын аяқтауға, KEGOC ұлттық электр желілеріне қосылуға және қуаты 11 МВт газ-поршеньді жылу-электр станциясын іске қосуға арналған.  

Қазақстанда электр энергиясының айтарлықтай көлемін көмірді пайдаланатын электр станциялары өндіреді. Мұнайға бай Атырау облысында табиғи және ілеспе газ қолжетімді және оны пайдалануға мүмкіндігі бар аз өңірлердің бірі. Газ көмірмен салыстырғанда анағұрлым таза екені белгілі.

 ЕҚДБ Ресей, Орталық Азия және Кавказдағы энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі директоры Аида Ситдикова: «ЕҚДБ несиесі аймақтағы экологиялық стандарттарына бағдар бола алатын тиімді газ электр станциясының жекеменшік операторын қолдап, үкіметтің елдегі энергия тиімділігін арттыру саласындағы шараларына атсалысып отыр», - деді.

ЕҚДБ ҚАзақстан бойынша директоры Джанет Хэкман: «Энергия тиімділігінің арқасында қол жеткізілген үнемдеу ЕҚДБ мен Қазақстан Үкіметі көздеген басты мақсаттардың бірі. Бұл жоба біздің энергия тиімділігіне басымдық беретініміздің айқын көрінісі», - деп атап өтті.

Электр станциясының құрылысында заманауи технологиялар қолданылған. Энергия тиімділігі және түтін деңгейі көрсеткіштері бойынша станция Еуропалық Одақтың электр энергетикасының тиімділігін көтеру бойынша үздік тәжірибесіне сай болады. Жаңа станцияның  икемді жүктеме мүмкіндігін, KEGOC аралық станциясын жақын орналасқанын ескерсек, Атырау облысының электр энергиясын желісіндегі кернеудің тұрақтылығын және сенімділігін қамтамасыз етеді.

ЕҚДБ Қазақстандағы ірі қаржылық инвесторлардың бірі.  Тек 2015 жылы Банк Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларына 708,6 млн еуро инвестициялады.

Share this page: